Learn the target words for this unit.
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ.
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Сіз қандай отбасылық құндылықтарды білесіз?
2. Әдет-ғұрып пен дәстүр туралы білім бізге не береді? Өз халқының дәстүрлерін сақтау неге маңызды екенін айта аласыз ба?
3. Ұлттық киіміңізді суреттеңіз? Ол несімен ерекше?
4. Сізде туған балаға қатысты қандай салт-дәстүрлер бар?
5. Тойланатын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер жеке адамға және қоғамға пайдалы ма? Өмірден мысал келтір.
6. Ұнамайтын салт-дәстүрді атаңыз, неліктен?
Оқуды түсіну стратегиясы: Факт пен пікірді ажырату
Оқыған кезде факт пен пікір арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды.
ФАКТ – дұрыс немесе бұрыс екендігі дәлелденетін ақпарат
ПІКІР – сіз дұрыс немесе бұрыс екеніңізді дәлелдей алмайтындығыңызды білдіретін мәлімдеме. фактілер әрқашан бірдей болады, өйткені олар объективті жағдайлар; оның орнына пікірлер уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.
Пікірде ең жақсы, ең нашар, әдемі, нашар, ең күлкілі немесе ең қызықты сияқты сөздер жиі кездеседі. Осы екі мәлімдемені салыстырыңыз:
Жаңбыр жауып тұр.
Ауа-райы нашар.
Терезеден сыртқа қарап бірінші мәлімдемені дәлелдей аласыз. Екінші мәлімдеме ауа-райы туралы біреудің пікірі, сондықтан оның дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдей алмайсыз.
READ
__________________________________
Қазақ халқы той-думанға, салт-дәстүрге бай халық. Баланың туылғанына бастап отау құрып, балалы болғанына дейін толып тұрған салт.
Шілдехана. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған салт-дәстүрлердің бірі – шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгеніне той жасау рәсімге айналған.
Мұнда арнаулы мал сойылып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін «ұл туғанға – күн туған» деп ерекше бақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Қазақ халқында ұл бала туылса да, қыз бала туылса да, жақын туыстарына хабарлап, «сүйінші» сұраған.
Қуаныштарын той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіріп, шамаларына қарай, арналған сыйлықтарын береді. Баланың анасына туған-туыстары күтіммен қарайды.
Бесік той. Бұл – туған-туыстардың жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрі. «Бесік алып бару» – қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік бұйымдармен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттар да кіреді.
Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағилармен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. Сонан соң «бесікке салу» басталады. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Сәбиді бесікке әйелдердің ішінен жас жағынан болсын, мінез-құлық, іс-әрекет жағынан болсын парасатты, бойы таза, инабатты, жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, балалы-шағалы болған бәйбішелердің бірі салады.
Тұсау кесу – қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүрі. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.
Тойға келген тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастарқан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесер әйел дайындап алып келеді, ал тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Ол әйел шамасына қарай бағалы сыйлық береді.
Бұрынырақта тұсауы кесілетін балаға ат пен ер тоқым сыйлаған. Қазір олардың қажеті шамалы болғандықтан баланың қажетіне жарар ойыншық, киім-кешек сыйлап жатады.
Тұсауын кескен әйелге әке-шешесі ризашылығын білдіріп, сыйлығын тарту етеді.
Сүндет той. Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді.
Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты «Сүндет той» деп атап, көп жерде үлкен той жасайды. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды.
Қазіргі кезде арнайы шақыру билеттерін жасап не ауызба-ауыз шақырады. Той басталғанда, кейбір жерлерде, арнайы ұлттық киім киіндірген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады.
Тойға арнайы келген жақын туыстары тілектерін айтып, сыйлықтарын сыйлайды. Би биленіп, өлең айтылып, ойын ойналады.
Сырға той. Кішкене қыз бала есейіп, құлағын тесіп, сырға салғанда жасалатын той. Халқымыз «Қызымыз сырғалы, қыз санатты болсын» деп құлағын тестіріп сырға салатын болған. Қыздың басына үкілі тақия кигізеді. Осыдан бастап қыздар өзін басқаша сезінген. «Қызға қырық үйден тыю» деген ұғым бар. Ол осы «сырға тағу» рәсімінен кейін басталады.
Бауырына салу. Немерелерін ата-әжесі немесе жақын туыстары уақытша тәрбиелеуге алғанды «бауырына салу» деп атайды. Бауырына салғанымен, ата-аналарынан айырмайды. Асырап та алмайды. Бұл дәстүрдің мақсаты – жалғыз қалған ата-анасына ермек болсын деп, ал туыстарына көмек ретінде балаларын уақытша жібереді.
Бауырына салушылар тәлім-тәрбиесін беріп, қамқорлығын жасайды. Бала өскен соң, ата-анасына кетеді немесе сол шаңырақта қала береді. Қазақ халқында, әсіресе, бірінші немерелерін бауырына ұлдың әке-шешелері салады. Бірінші немере үлкендердікі деп есептеледі. Бірақ ата-анасы да қоса тәрбие береді.
Есейген балаға бауырына салған адамдар әрдайым ыстық болады. Өз баласынан кем көрмеген әже, атасына немесе туысына есейген бала ең алғашқы табысынан сый сыйлайды. Бұл оның ризашылығын білдіреді. Жүрген жерінде мақтап айтып жүреді. Үйленіп, теңін тауып, тұрмысқа шыққанда, үйлену тойларына қадірлі қонағы етіп, үлкен ата-аналары деп, тілек білдіруде сөз кезегін бірінші соларға береді. Келін түсіргенде, сол үйдің табалдырығын аттатады.
Асырап алу. Басқа халықтарда сияқты қазақ халқында да асырап алу салты бар. Нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар, ата-аналарымен және өзара ақылдасып, бала асырап алады. Құжаттарының барлығын заңды түрде жасайды.
Өздері ат қойып, өз аты-жөндеріне жаздырады. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар туыстарынан асырап алуға тырысады. Мұндай жағдайда баланың әке-шешесімен алдын-ала келіседі. Асырап алған ата-аналар балаға ерекше жауапкершілікпен қарайды. Жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысады.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан
READING COMPREHENSION
A. Give an appropriate title to the passage
1. Бүгінге керек салт-дәстүр
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
3. «Қазақ халқының ұмыт бола бастаған дәстүрлері»
4. Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер
5. Балаға қатысты салт-дәстүрлер
6. Салт-дәстүр деген не?
7. Қазақтарда қандай жаңа салт-дәстүрлер пайда болып жатыр
8. Салт дәстүрді дұрыс ұстанып жүрміз бе?
9. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы мақал-мәтелдер
10. Әр елдің үйлену той ерекшеліктері
B. Answer the following questions.
1. Қазақ халқы ұл балаға қандай сенім артқан?
2. «Киіт» дегенді қалай түсіндіңіз?
3. Сәбиді кім бесікке бөлейді?
4. Тұсау кесу рәсімі қашан жасалады және оны кім кеседі?
5. «Бауырына салу» дегенді қалай түсіндіңіз?
6. «Бауырына салу» дәстүрінің мақсаты неде?
7. Тұңғыш баланы ата-әжесі не мақсатпен бауырына басқан?
8. Дүние есігін ашқан сәбидің алғашқы тойы қалай аталады?
C. With a partner, decide whether each statement is a fact or an opinion. Write Fact or Opinion on the line.
___ 1. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той.
___ 2. Шілдеханаға арнайы шақырумен келеді.
___ 3. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі – ұл бала.
___ 4. Шілдехана тойына жақын туыстар мен жора-жолдастар келеді.
___ 5. Бесік – қазақ халқының нәрестеге арнап жасалынған ағаш төсек.
___ 6. Әрбір қазақ баласы осы бесіктен өсіп шығады.
___ 7. Қазір баланың тұсауын танымал адамдарға кестіру сәнге айналды.
___ 8. Тұсауы кесілмеген адам сүріншек болады.
___ 9. Сүндет той, мұсылманға міндет той.
___ 10. Баласы жоқ ерлі-зайыптылар туыстарынан асырап алуға тырысады.
D. Write one fact and one opinion about cultures and traditions. Read your sentences aloud in a small group and let the others decide which are facts and which are opinions.
Discuss any statements that you disagree about.
VOCABULARY ACTIVITIES
Compound words are composed of two words that are joined by hyphens. They function together as a single word.
The composition of compound word is different:
1) Synonymous words whose meanings are close to each other: жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.б.
2) Antonymous with opposite meanings: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, жоғары-төмен, т.б.
3) Compound words, one component of which has an independent meaning, the other is meaningless: келін-кепшік, жігіт-желең, т.б.
4) Compound words consisting meaningless components: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, т.б.
A. Look up the meanings of the following words. Put the words in the appropriate table.
Ата-ана; туған-туыстар; той-думан; әдет-ғұрып; салт-дәстүр; ойын-сауық; жора-жолдастар; балалы-шағалы; әке-шеше; көрші-қолаң; қыз-келіншектер; киім-кешек; тәлім-тәрбие; ерлі-зайыпты; аты-жөні
meaning
ful- meaning
less compo
nent
meaning
less-
mean
ing
less
compo
nent
B. Complete the table. Form a noun to the given verb or vice versa.
DISCUSSION TOPICS. Google for information.
1. Сүйінші дегеніміз не? Оны қай уақытта сұрайды?
2. Шашу дәстүрі қай кезде орындалады.
3. Көрімдік деген не? Ол қай кезде сұралады?
4. Батаны кім берді? Бата қай кезде беріледі?
5. Қазақ халқы қандай сандарды қасиетті санаған
6. Сүндеттеудің пайдасы неде?
7. Баланың тұсауын кескенде не себепті ала жіп байлайды?