Reading
Көрнекті жерлерді білесіз бе?
Learn the target words for this unit.
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ.
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерімен танысып үлгердіңіз?
2. Қазақстанда қандай өзен, көл, таулар бар?
3. Сіз тұратын жердің табиғаты қандай?
4. Егер туристік компанияда жұмыс істесеңіз, қандай шараларды жүзеге асырар едіңіз?
READ
Қазақстанның көрікті жерлері: Қайыңды
Алматы маңында орналасқан көрікті жерлердің тізімінде Қайыңды көлі алғашқы қатардан орын алады. Керемет көрінісімен көз баурайтын Қайыңды – Қазақстандағы ең жас көл. Ол Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Көл айналасында қарағай мен қайың қалың өскендіктен, жергілікті жұрт су айдынын Қайыңды деп атап кеткен. Көл XX ғасырдың басында Алматы маңында болған табиғи апат салдарынан пайда болған.
Қайыңды – Алматы облысы Райымбек ауданында, Күнгей Алатауының баурайында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1867 метр биіктіктегі көлдің ұзындығы – 600 метр, ені – 300 метр, тереңдігі – 30-40 метр. Көлді толығымен тау қоршап жатқандықтан мұндағы ауа райы бірқалыпты. Жаз мезгіліндегі орташа ауа температурасы – 23 градус.
Қайыңды көлі аумағында жеміс-жидектің 70-тен астам түрі өседі. Сонымен қатар мұнда сусын дайындауға таптырмайтын қалақай, қымыздық, шайқурай сынды өсімдіктер де бар. Көл аумағында дәрілік шөптің 47 түрі өседі екен. Олардың кейбіреуі қазір ұлттық фармацияда қолданылуда. Сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 12 түрі кездеседі.
Қайыңды көлінің маңында аң-құстың 197 түрі, оның ішінде орманда мекендейтін 82 түрі бар. Қызыл кітапқа енген сүт коректілердің 6, құстардың 13 түрі кездеседі. Олардың арасында аң атаулыдан Тян-Шаньның қоңыр аюы мен әйгілі арқарын, тау сусары, қар ілбісі, түркістан сілеусінін, құстардан қара дегелек, бақалтақ қыран, бүркіт, құмай, үкі, жүнбалық байғыз, жапалақ, шымшық сияқты құстарды кездестіруге болады.
https://massaget.kz
В. Write numbers in words.
1. 1867 _______________________
2. 600 _________________________
3. 300 _________________________
4. 47 __________________________
5. 197 _________________________________
VOCABULARY ACTIVITIES
А. Look up these words in your dictionary. Put the animals, birds and plants in the correct columns.
Аю, қалақай, қыран, қар ілбісі, бүркіт, қымыздық, арқар, шайқурай, қара дегелек, құмай, сусары, сілеусін, үкі, жапалақ, шымшық
D. Complete the sentences with your own ideas.
1. Қайыңды көлі басқа көлдерге қарағанда ____________________.
2. Мен Астанаға барғым келеді, бірақ _________________________.
3. Көл аумағында дәрілік шөптер өседі, алайда ________________.
4. Қала өте әдемі, дегенмен ________________________________.
5. Ол жұмысқа кеш келді, сонда да ________________________________
6. Қайыңды сынды ғажайып жерлер _______________________.
7. Қайыңды көл ________________________________ тәрізді.
8. Медеу мұз айдыны _________________________сияқты.
9. Қайыңды көлінде Қызыл кітапқа енген өсімдіктербар, әйтсе де ________________________________ .
10. Туристердің қызығушылығын оятатын көрікті жерлер баршылық, бірақ _________________________ .
Е. Read the text. Look at the picture and choose the correct words.
Ең аумағы үлкен ағаш – фикус тұқымдас БАНЬЯН ағашы. Баньянның діңі басқа ағаштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбығы жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ал бұл бұтақтардан жапырақтар ғана емес, тамырлар да өсіп шығып, төмен иіледі. Мұндай тамыр жерге жетісімен-ақ жуанданып, ағаштың тағы бір діңіне айнала бастайды. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталған.
DISCUSSION TOPICS
1. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келсе, оларды қайда апарар едіңіз?
2. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастар едіңіз? Сұхбат құрастырып көріңіз.