ReadingМенің Қазақстаным. Ақпарат беру, нақтылау, мәлімет беру, сипаттау. Қазақстан туралы ақпараттарды жинақтау, түсіну, меңгеру. Learn the target words for this unit. Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ. Read these questions. Discuss your answers in a small group. 1. Еліңізде қандай валютада депозит ашқан тиімді? 2. Доллардың $ белгісін кім және қашан ойлап тапқан? 3. Ақша шақыратын қандай бұйымдар бар? Сіз оларға сенесіз бе? Оқуды түсіну стратегиясы: оқиға реттілігі.
Мәтіндер көбінесе оқиғалар ретін қамтиды. Реттілікті түсіну маңызды, өйткені олар оқырманға заттар мен идеялардың бір-бірімен қалай байланысатынын түсінуге көмектеседі. Реттілік бірнеше жолмен белгіленеді:
• Уақыт көрсеткіштері: 2005 жылы, ақпан айының соңында, өткен аптада
• Реттілік үстеулері: алдымен, сосын, кейін
• Етістіктің шақтары: өткен, қазіргі, келер шақ
READ
ТӨЛ ТЕҢГЕНІҢ ТАРИХЫ
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда алғаш рет егемендіктің символы – ұлттық валюта айналымға енді. Бастапқыда кеңестік рубльдің қазақша атауын «сом» деп қалдыру жоспарланды. Бірақ, 1993 жылы 3 мамырда Қырғызстан өзінің ұлттық валютасына осы атауды берді. Сол кезде еліміз тамыры моңғол билігіне жайылған теңгенің ежелгі атауына тоқтады.
1992 жылдың ақпан айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы Ғалым Байназаровтың алдына ұлттық валютаны дайындау жөнінде тапсырма жүктеді.
«Сол кезде біздің еліміз рубль аймағында болғандықтан, тапсырма құпия сақталды. Егер мұны жалпақ жұртқа жария еткенде, қоғамда бұл біршама толқу туғызып, біз үлкен шығынға ұшырар едік», – деп өткен күннен естелік айтады 78 жастағы Ғалым Байназарұлы.
Мемлекеттік тапсырманың құпия сақталғаны соншалық, төл валютаны дайындау мен енгізудегі ауқымды жұмыс туралы жоғары лауазымды шенеуніктерді айтпағанда, оны тіпті кейбір вице-премьерлер де білмеген. Әлемдік тәжірибені зерделеу, дизайн әзірлеу бойынша отандық кадрларды іріктеу және оларды оқыту, салыстырмалы түрде арзан, сапалы әрі жылдам купюра жасай алатын шетелдік компанияны таңдау – осының барлығы жариялаусыз өтті.
Уақыт қысып барады. Төл ақшаны қайда басып шығару керектігі туралы сөз болғанда, бар назар Батыс елдеріне ауды. Сапарлар, кездесулер басталды. Испания, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өз қызметін ұсынды. Таңдау «Harrison & Sons» британ компаниясына түсті. Шағын компанияның фабрикасы төрт ғасыр бойы пошта маркалары мен банкноттар шығарады. Ең бастысы, олар ақпараттың тарап кетуіне жол бермей, құпияны сақтауды қамтамсыз етеді.
Аз уақытта алдымен болашақ теңгенің бейнесін жасайтын суретшілер қажет болды. Мәселен, суретшілер ағылшын фунтын алты жыл бойы салса, қазақстандық мамандарға бір жылдан кем уақыт берілді. Теңгені жасап шығару бойынша шығармашылық топқа Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов және Хайролла Ғабжәлелов кірді.
1992 жылдың қарашасында басталған теңге өндірісі 1993 жылдың сәуірінде аяқталды. Жаздың басында валюта Қазақстанға жеткізілді. Банкноттар Жамбыл қоймасына жөнелтілді.
Рубльдерді теңгеге ауыстырардан 2-3 күн бұрын жаңа ақшалар облыстар мен аудандарға таратылды. Ұлттық банктің жылжымалы кеңсесі ретінде арнайы ұшақ бөлініп, ҰҚК[1] мен ІІМ[2] оның күзетін қамтамасыз етті.
1993 жылы 13 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев теледидар арқылы ұлттық валютаның енгізілгені туралы хабарлады. Бұл ел өміріндегі бүтін бір дәуірдің аяқталып, жаңа заман басталғанын айғақтаған ерекше күн болды. Ал, 15 қарашада теңге қолданысқа енді. Содан бері бұл күн ресми түрде «Ұлттық валюта күні» ретінде аталып өтіледі.
http://qazaq1913.com
/2022/11/15/23500/
A. What do you know about the people mentioned below? With a partner, add any information you can to the chart. Then, read the article to fill in more information.
Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин,
Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов
C. What sequence is described in Reading? List at least 6 events in that sequence, in order.
Event
_________________________________
_________________________________
________________________________
________________________________
_________________________________
VOCABULARY ACTIVITIES
A. Match the following countries with their currencies.
Ел атауы
Қырғызстан
Америка
Түркия
Қытай
Ұлыбритания
Германия
Ресей
Өзбекстан
B. Choose the correct words to complete each paragraph.
Валюта түрі
юань
рубль
сом
фунт
доллар
сум
лира
марка
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы _____ түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған._____, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстанның _____ туында көк түс ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн _____ пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді.
Күн астында қалықтаған _____ мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі _____ Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан _____ мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ _____. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен _____ жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген _____ бар.https://www.akorda.kz C. Give negative forms to the following verbs. The table below can help you. Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістіктер
— іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістік болымды етістікке –ма, -ме, - ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысал: айтты – айтпады, жазды – жазбады, кетті – кетпеді, сөйледі – сөйлемеді.
1. орналастырылды ___________
2. жоспарланды _______________
3. берді ________________________
4. жүктеді _____________________
5. сақталды ___________________
6. ұсынды _____________________
7. қажет болды _______________
8. аяқталды ___________________
9. жеткізілді ___________________
10. қолданысқа енді ___________
D. Fill in the blank with the most appropriate word.
Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының _______ ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған. «Бәйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік _______салынған.
Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік _______ бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.
DISCUSSION TOPICS
1. Криптовалюта дегеніміз не және ол қалай қолданылады?
2. Валюталық соғыс дегенді қалай түсінесіз не және ол не үшін жүргізіледі?
3. Өз Мемлекеттік рәміздеріңізді (флаг, елтаңба и гимн) қаншалықты жақсы білесіз?
[1] National Security Committee
[2] Ministry of Internal Affairs