Reading
Еліміздегі туризм


Learn the target words for this unit.


сүйікті
favorite
жол тарту
to lead the way
даңғыл
avenue
ғимарат
building
әсем
beautiful
ықшамаудан
micro region
сән түзеу
to line up
ертегі
fairy tale
ұқсас
similar
мұнара
tower
спорт кешен
sports complex
шоғырлану
to gather
мұзайдын
ice-skating rink
байырғы
ancient
қорық
reserve
сирек
rare
жауқазын
snowdrop
қызғалдақ
tulip
тұңғыш
first
мақтаныш
pride
тоғай
forest
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.

I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.

I use the word with confidence in either speaking or writing.

I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Сіз саяхаттауды ұнатасыз ба? Сіз қай елдің асханасын жақсы көресіз?
2. Қайда баруды армандайсыз?
3. Қандай белгілі саяхатшыларды білесіз?
4. Сіздер өз елдеріңізді, шетелді аралағанда, қандай жер атаулары, қала, көл, су, тау атаулары естеріңізде қалды?
5. Әдетте сіз қай кезде демаласыз? Қай кезді демалуға жақсы кез деп санайсыз?
6. Қай елдерге саяхат жасадыңыз? Өз еліңізде жиі саяхаттадыңыз ба?

Оқуды түсіну стратегиясы: Мәтінді аннотациялау және белгілеу

Аннотациялау – оқыған мәтінге конспект жасау – материалды түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда қажетті ақпаратқа тез қол жеткізуге болады.
Аннотацияның бір түрі керек ақпаратты белгілеу болып табылады. Сіз мәтінді белгілеу үшін ашық түсті маркерді пайдалану арқылы oның астын сызасыз!. Оқу кезінде мына нәрселерді белгілеңіз:
• негізгі идеялар;
• негізгі мәліметтер;
• қызықты мысалдар;
• жиі айтылатын адам немесе мекен аттары;
• маңызды күндер немесе мекендер;
• таңқаларлық нәрсе;
• сұрағыңыз бар немесе келіспейтін тұста;
Кітаптың жиектеріне – мәтіннің сол және оң жағындағы бос орындар – жазба қалдырыңыз немесе неге белгілегеніңіз туралы түсініктеме жасаңыз.

READ
As you read the text, highlight the key pieces and take notes in the margins. Lines have been provided to help you.

Қазақстан қалаларына саяхат жасауды сүйікті ісіңе айналдырғың келсе, Астанаға жол тарт. Астана саяхатшыларды Есіл өзенінен ескен коңырсалкын самалмен, құшақ жайған кең даңғылдарымен қарсы алады. Бұл даңғылдар бойында жақында ғана салынған өте әсем ғимараттар – Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, үлкен де жаңа тұрғынжайлық ықшамаудандар сән түзеген. Саяхатшыларға, әсіресе, ұнайтыны – ертегі гүліне өте ұқсас биік Бәйтерек мұнарасы.


Әрбір саяхатшы бір көруді армандайтын қала – Алматы. Іле Алатауының етегіне салынған әдемі қала. Мұражайлардың, театрлар мен концерт залдарының, кітапханалардың, ғылыми-зерттеу институттарының, мектептер мен спорт кешендерінің ең көп шоғырланған қаласы – осы Алматы. Тау биігінен орын тепкен «Медеу» мұзайдынын Қазақстан аумағынан алыс жатқан ел-жұрттар да жақсы біледі. Қазақстандағы ең биік телемұнара да осында. Ол Көктөбе төбесінен, аспанмен таласып, қаланын кез келген нүктесінен көрініп тұр


Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы корықтарының бірі – Ақсу-Жабағылы бар. Бұл қорық 1926 жылы ұйымдастырылған. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де, гүлдер де қорғалады. Ақсу-Жабағылының эмблемасы ретінде гүл тандап алынған. Өте сирек гүл, бұл – Грейг жауқазыны. Бұл қызгалдаққа өзін тұңғыш зерттеген ғалымның аты-жөні берілген.
Қорықтың мақтанышы – алма ағаштар өскен тоғайлар. Мұнда оның 20 шақты сорты өседі, олардың бәрі әйгілі Алматы апорты шығарылған Сиверс алма ағашының ең жақын туыстары болып табылады.


okulyk.kz



A. Write a one paragraph summary of the review in Reading using your annotations and highlighting for reference.
________________________________
________________________________
______________________________
_____________________________
____________________________

Ақмола туралы аңыз

Ертеректе бір молда кісі бала оқытумен Арқа өңіріндегі ел-жұртқа танылады. Оның көріпкелдік қабілеті бар еді. Қасиеті бар адамды жұртшылық аулие тұтып, жоғалтқанын сұрап отырады екен.
Бірде бір адамның бірнеше жылқысы жоғалып, молдаға келеді. Мұның соңы немен бітерін ойланбастан, молда оны көрші ауылдағы бір байдың барымташылары айдап әкеткенін айтады. Молданың болжамы дұрыс келіп, жоғалған жылқылар байдың табынынан табылады. Өшіккен бай молданың соңына түсіп, маза бермей кояды.
Түрткі көбейген соң, молда елден қашып кетеді. Қашып жүріп, жолда суық тиіп сырқаттанған ол жапан түзде қайтыс болады. Өлерінің алдында жанындағы серіктеріне: «Мені алысқа апарып әуре болмаңдар, осы жерге жерлеңдер. Бейітіме саз балшықты ешкінің майы мен сүтіне араластырып илеңдер», – деп аманаттап кетеді. Аманатын екі етпестен орындаған халық мазарды тұрғызып қойғаннан кейін байқаса, молданың мазары күн көзінде де, түнде де жарқырап, ақ түске боялып тұрады екен. Сен себепті де оны жұртшылық Ақмола деп атапты.
okulyk.kz


VOCABULARY ACTIVITIES

A. Give definitions to the following words given below. If you cannot find any definitions in the text, explain the meanings of the words yourselves with the help of the dictionary.
аңыз
молда
көріпкелдік
аулие
аманат
барымташы
табын

B. Answer the questions about the text.
1. Аңыз не туралы?
2. Адам молдаға қандай мәселемен жолықты?
3. Молда неліктен елінен кетеді?
4. О дүниеге аттанарда молда не деді?
5. «Ақмола» атауы қалай пайда болды?

C. Complete the sentence with your own ideas.
Менің ________________________ барғым келеді, себебі _________________.

Италья, Индия, Египет, Америка, Қытай, Франция, Испания, Жапония.

D. Complete the dialogue.

– Жазғы демалыста қайда бардыңыз?
________________________________
– Еуропаға бірінші сапарыңыз ойдағыдай болды ма?
_______________________________
– Келесі жылы жазда қайда барғыңыз келеді?
_______________________________
– Ол сапарыңыз қызық болады деп ойлайсыз ба?
______________________________

E. Put the phrases into the correct order to make up the dialogue.



- «Алатау» қонақ үйі Абай көшесінде орналасқан.
- Қандай бөлмелер бар?
- Иә, тыңдап тұрмын. Сізге қандай бөлме керек? Бізде бір кісілік, екі кісілік және үш кісілік бөлмелер және люкс бөлмелер бар.
- Атым Серік, Серік Қуандықұлы. Қонақ үй қай көшеде орналасқан?
- Маған ертеңге бір кісілік бөлме керек еді.
- Сізді ертең күтеміз. Сау болыңыз.
- Алло, сәлеметсіз бе, бұл «Алатау» қонақ үйі ме?
-Аты-жөніңіз кім болады?
- Рахмет, Сау болыңыз.

DISCUSSION TOPICS
1. Мына өзендер қай елдерде? Осы елдерде сіз болдыңыз ба? Қай елге барғыңыз келеді? Неге?
Ертіс, Сырдария, Шу, Іле, Ганг, Дунай, Днепр, Нева, Одер, Тигр, Ніл, Сена.



READING COMPREHENSION
B. Mark each sentence as T (true) or F (false) according to the information in Reading.
Start the test
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
Next
Check
Show results
Бәйтерек – ең биік телемұнара.
Next
Check
Show results
Алматы қаласы Іле Алатауының етегінде орналасқан.
Next
Check
Show results
«Медеу» мұзайдыны қаланың қақ ортасында тұр.
Next
Check
Show results
Көктөбе телемұнарасы және мәдениет және демалыс саябағы.
Next
Check
Show results
Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың отаны.
Next
Check
Show results
Ақсу-Жабағылы қорығы 1930 жылы құрылған.
Next
Check
Show results
Ақсу Жабағылы қорығынан Сиверс алмасының дәмін татып көруге болады.
Next
Check
Show results
Грейг қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығында сақталған.
Next
Check
Show results
Грейг қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығының символы.
Next
Check
Show results
10/10
Restart
Made on
Tilda