Reading
Әуе көлігі жолаушыларының құқықтары қандай?
Learn the target words for this unit.
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ.
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Әуежайда сізге не ұнайды, не ұнамайды? Неліктен?
2. Әуе көлігі саяхаттаудың ең жақсы түрі деп ойлайсыз ба? Неге?
3. Әуежайларды қалай жақсартуға болады деп ойлайсыз?
4. Сіз тұратын жердегі әуежай қандай?
5. Әуежайда болған ең қызықты оқиғаңызды айтып беріңіз.
6. Жеңіл жүкпен саяхаттауды ұнатасыз ба?
Оқуды түсіну стратегиясы: тақырыпшаларды сәйкестендіру
1. Алдымен әрбір тақырыпшаны оқып шығыңыз;
2. Тақырыпша ішіндегі кілт сөздерді белгіле;
3. Тақырыпшалар арасындағы кез келген ұқсастықтар немесе айырмашылықтар ескерілуі керек;
4. Абзацтың бірінші және соңғы сөйлемін оқы;
5. Параграфқа ең қолайлы тақырыпша таңдалуы керек.
READ
А. Number each paragraph with the correct main idea or purpose.
1. Жүкті әйелдерге қандай жағдайда ұшуға болады?
2. Шетелге шығуыңызға тыйым салынғанын қалай білуге болады?
3. Балалар қалай саяхаттайды?
4. Әуежайға қанша уақыт бұрын келген дұрыс?
_______ Билетті тіркеу орнына тіркеудің аяқталу уақытынан кешікпей келу қажет. Халықаралық рейске тіркеу ұшақтың ұшып шығуына кемінде екі сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады. Қазақстан бойынша тіркеу әуе ұшақтың ұшып шығуына кемінде бір сағат қалғанда басталады және ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады. _______ Әйелдер жүктіліктің 32-34 аптаға дейінгі мерзімінде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық болса, ұшуға рұқсат беріледі. Жүктілік мерзімі мен денсаулығы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуы тиіс.Жүктілік мерзімі 32-34 аптадан асатын әйелдерден
035-1/у нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы талап етіледі.Медициналық қорытындыда жүктілік мерзімі көрсетілуі керек және жүктілік ешқандай асқынуларсыз өтіп жатқанын растауы тиіс. Егер босану мерзімі алдағы 7 күнде болса, әуежай қызметкерлері жүкті әйелдерді тасымалдаудан бас тартады. Жаңа босанған әйелді және алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде жаңа туған нәрестені тасымалдау рұқсат етілмейді. _______ Ішкі және халықаралық рейстерде жолаушы екі жасқа дейінгі баланы оған жеке орын ұсынылмай тегін тасымалдауға құқылы. Егер екі жасқа дейінгі балаға жеке орын талап етілсе, онда мұндай бала тарифтен 50% мөлшерде жеңілдікпен тасымалданады. Әрбір баланы тасымалдау үшін тиісті тарифтің 50%-ы халықаралық рейсте 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларға төленеді. Еріп жүретін адамы жоқ балаларды тасымалдау үшін ата-анасының (қамқоршыларының) жазбаша өтініші болуы қажет. Ерiп жүретiн адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі уақытта тасымалдануға қабылданбайды. 6 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана тасымалданады. Егер кәмелетке толмаған азамат Қазақстаннан еріп жүретiн адамсыз шығатын болса, оған паспорт, шығу мерзiмi және азаматтың шығуына ата-анасының, қамқоршыларының нотариуспен рәсiмделген келiсiмі қажет. _________ Шетелге баруды жоспарлағанда алдын ала барлық берешекті төлеп, құжаттардағы нұсқамаларды орындаған дұрыс (ең аз дегенде 10-15 күн бұрын). Әділет министрлігінің ресми сайтына кіріп, шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлер тізімінен өзіңіздің бар-жоғыңызды тексеруіңізге болады. Өзіңізді борышкерлер тізімінен анықтаған жағдайда айыппұл, баж салығын, алимент, коммуналдық қызметтер және басқа да берешектерді төлеп, одан кейін сот орындаушысына төлемді растайтын құжатты ұсыну қажет. baribar.kz VOCABULARY ACTIVITIES- List main advantages and disadvantages of road transport.
- List main advantages and disadvantages of air transport.
- Match the words on the left with the definitions on the right.
жүкәуе кемелерiн қабылдау, жiберуге, арналған ғимараттар кешенiпилот аэродромның ұшақтардың ұшуына және қонуына арнайы жабдықталған бөлігішекараұшақпен тасымалданатын тауарларқара жәшікжолаушының өзімен бірге ұшақ салонына алып өтетін заттары. әуежаймемлекеттік аумақты белгілейтін шектерұшу-қону жолағы ұшақтың қауіпсіздігі мен жұмысына ұшу уақытында жауап беретін ұшқышқол жүгі ұшақ немесе тікұшақ бортында орналасқан, пилоттардың әңгімелерін бастан аяқ өздігінен жазатын аспап D. Put the following phrases into the correct column according to the places where they can be used. Паспортыңызды бересіз бе? Төлқұжатыңызды көрсетесіз бе? Багаж тапсырасыз ба? Қазақстанда қанша күн боласыз? Барлық заттарыңызды пластик ыдысқа салыңыз. Аяқ киіміңіз бен белдігіңізді шешіңіз. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрсыз ба? Сумкаңызда ноутбук, планшет болса, ішінен шығарыңыз. Қалтаңызды ашып көрсетіңіз. Қазақстанға қандай мақсатпен келдіңіз? Отыру талоныңызды алыңыз. Әуе көлігі жолаушыларының құқықтары қандай?
Паспорт бақылау және кеден бөлімі
DISCUSSION TOPICS.
1. Cіз әуежайға келдіңіз, рейске тіркеу кезінде паспортыңызды үйде тастап кеткеніңіз есіңізге түседі. Қадамдарыңыз қандай болмақ?
2. Қазақстанға іс-сапармен ұшып келдіңіз. Алайда, жолжүгіңіз жоғалып кетті. Кімге барып шағымданасыз?