Learn the target words for this unit.
from generation to generation
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ.
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. «Каллиграфия» деген не?
2. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
3. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
4. Латын графикасына көшу неліктен жаһандық мәселеге айналды?
Мәтінді оқу стратегиясы: тиімді оқудың жеті когнитивтік стратегиясы
1. Белсендіру: Мәтінді түсіну үшін жадыдағы бұрынғы білім мен тәжірибені еске түсіру мақсатында «Когнитивтік сорғыны іске қосу».
2. Қорытынды жасау: Мәтінде айтылған, не айтылмаған ақпаратты оқырманға бұрыннан белгілі ақпаратпен біріктіру.
3. Бақылау-нақтылау: Оқу әрекеті кезінде де, одан кейін де не оқып жатқаның туралы ойлау, мәтінді түсіну мақсатында кез келген ақпаратты нақтылау.
4. Сұрақ қою: Мәтінмен (авторлармен), құрдастарымен және мұғалімдермен диалогқа араласу, өзіне-өзі сұрақ қою, сұрақ құру және сұраққа жауап беру.
5. Іздеу-таңдау: Сұрақтарға жауап беру, таныс емес сөздер мен терминдерді анықтау, түсінбеген тұстарды анықтау, мәселелерді шешу немесе ақпарат жинау үшін сәйкес ақпаратты әртүрлі дереккөздерінен іздеу.
6. Жинақтау: Түпнұсқа мәтінде қолданылған сөздерден басқа сөздерді пайдалана отырып, мәтінді өз сөзіңмен мазмұндау.
7. Көрнекілік-ұйымдастыру: Мәтінді түсіну мақсатында сурет бейне немесе графикалық органайзер құру.
READ
Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру
Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын рухани байлығымыз болып табылады. Қазіргі заман – жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар – бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тіліне, оның жазуына тікелей байланысты. Әлемдегі барлық ақпарат латын әліпбиіндегі ағылшын тілінен айналып өте алмайды. Сондықтан латын әліпбиі – өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек», – деген болатын. Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндалған мақаласындағы қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы ұстанымдары мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі іс, маңызды тарихи оқиға ретінде халықтың зор ықыласына ие болды. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру турлары» №569 Жарлығы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілді. Латын әліпбиі әлемдегі жазу құралдарын пайдалануды да бір-біріне жақындатып, әр түрлі графикадағы бір әріптен екіншісіне ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, басқа тілдерді де меңгеруге де оң әсер етеді. Осындай жағдайда латын әліпбиін қолдану білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға да, барлық мамандық иелеріне де, қарапайым адамдарға да әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдетеді.
https://www.academia.edu/
READING COMPREHENSION
VOCABULARY ACTIVITIES
А. Complete each proverb by filling in the correct missing word. Do you have equivalent proverbs in your language?
1. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой _______ .
2. Тіл қылыштан да _______ .
3. Жаман көлдің суы ащы,
Жаман қатынның _______ ащы.
4. Тілсіз жерде _______ жоқ.
5. _______ – тілден басталады.
6. Адам тілінен табады,
_______ мүйізінен табады.
7. Ашуың келсе, _______ тарт,
Айтпас жерде тіліңді тарт.
8. Тілін білмеген _______білмейді.
9. Тілі өлген _______ – тірі өлген ел.
10. Тіл _______ – өлшемі.
B. Match the beginning of each sentence 1-5 with the most appropriate ending a-г.
1. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына,
а) Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты.
2. 1929 жылға дейін Қазақстанда
ә) ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.
3. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе,
б) барлық іс-қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын әліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр.
4. Еліміздің латын әліпбиіне көшу
в) соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.
5. 2025 жылға дейін
г) араб жазуы пайдаланылды.
С. Revise the main types of literature and fine arts and do the next task. What type of fine arts is each of these?
DISCUSSION TOPICS.
1. Сына жазуы дегеніміз не және ол шумер қоғамы үшін неліктен маңызды болды?
2. Логогра́мма дегеніміз не? Бұл жазу түрі қашан және қайда пайда болған?
3. Пиктографиялық жазу туралы не білесіз? Пиктографиялық жазудың таңбалары не?
4. Диаграмма дегеніміз не және диаграммалардың қандай түрлері бар?
5. Matres lectionis жазудың қандай түрі?