BEFORE YOU READ.
Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Журналистердің кәсіби мерекесі қай күні тойланады?
2. Әдетте, газеттен не оқисыз: мақала ма, жаңалық па, жұлдызжорамал ма?
3. Теледидардан қандай бағдарламаны көресіз?
4. Қандай телебағдарлама ұнайды? Ерекшелігі не?
5. Өнер жұлдыздарының өмірлері сізді қызықтыра ма?
6. Отандық кино көруді ұнатасыз ба, әлде шетелдік фильмдерді қарағанды жөн деп санайсыз ба?
Оқуды түсіну стратегиясы: Мамандық мәнді жұрнақтар
Қазақ тілінде түбір сөзге жалғанып, адамның кәсібінің түрін, мамандығын білдіретін жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақтар бар.
1.-шы, -ші: жұмыс-шы, домбыра-шы, ән-ші.
2.-қар,-кер, -ғар,-гер: сауда-гер, ғарыш-кер.
3. -паз: ас-паз, өнер-паз
4. -кеш: арбакеш
5. -қыш, -кіш, ғыш, -гіш: ұш-қыш, ат-қыш
Жаңа замандағы жаңа мамандықтар: ренд-менеджер; логистик; промоутер; коучер; супервайзер; веб-мастер-сайт; джобер;копирайтер; интервьюер;сомелье; рецепшеонист
READ
Қазіргі Қазақстандағы БАҚ: болашағы мен дамуы
Қазақстанда 8 248 БАҚ тіркелген (2 513 БАҚ белсенді), 212 электронды БАҚ, 2 392 шет мемлекеттердің БАҚ таратылған, KZ доменінде 9 000-нан астам домендік атаулар тіркелген. Бұқаралық ақпарат құралдарының 85%-ы үкіметтік емес. Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың 11 тілінде газеттер мен журналдар шығады, теле-радио хабарлары беріледі. Бұқаралық ақпарат құралдары негізгі тілдерден (қазақ және орыс) басқа украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген және т.б тілдерге аударылады. Этникалық азшылық БАҚ үкіметтен қаржылық қолдау алады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егемендік алған сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары саласында түбегейлі қайта құрулар жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді. Бұл, ең алдымен, дамыған, ұйымдық жағынан күшті және еркін БАҚ болуы демократиялық қоғамның негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін түсінуден туындап отыр. Осылайша, қазақстандық заңнамаға сәйкес, БАҚ қызметіне кез келген араласу заңға қайшы келмейтін болса, тыйым салынады, ал ел Конституциясы цензураға тікелей тыйым салады.
Бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық аудиторияға бағытталған коммуникацияның барлық түрлерінің жалпы атауы. Оларға дәстүрлі түрде газеттер, журналдар, фильмдер, радио, теледидар, танымал әдебиет пен музыка, ал соңғы екі онжылдықта жаңа электронды БАҚ, соның ішінде Интернет кіреді.
Электронды БАҚ дәстүрлі БАҚ үшін үлкен жаңалық болды. Бұл сала аудиторияға деген таласты күшейтті және қазақ журналистикасының дамуына қарқынды үлес қосуда. Дегенмен, ұлттық идеяның генераторы – қазақ тілді БАҚ. Қазақ тілді басылымдардың атауы ұлттық символикалық болып келеді. Мәселен, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Егемен Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алаш айнасы», «Ана тілі», «Түркістан», «Ұлт Таймс», «Үш қиян» газеттері, «Намыс кз» журналы, «Абай.KZ» сайты және т.б. Орыс тілді басылымдар атауы: «Время», «Мегаполис», «Экспресс К», «Панорама», «Деловая неделя» және т.б. Электронды БАҚ – үлкен ғылыми ізденісті қажет ететін сала. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі арқылы айқындалады. Заман ағымы мен қоғам талабы өзгерсе де,басты мақсаты мен принциптері – объективті әрі шынайы ақпарат жеткізіп, дүниежүзі тарихын жазуға үлес қосатын журналистика саласы әрдайым жаңарып, өркендеп отырады. Сондықтан, электронды БАҚ – ақпараттық технологиялар дәуірінің басты жетістігі, темір гаджеттер әлеміндегі өнертабыстардың үздігі.
https://bilim-all.kz
READING COMPREHENSION
VOCABULARY ACTIVITIES
А. Match the professions with their corresponding activities.
Мұғалім сурет салады
Құрылысшы оқытады
Дәрігер тамақ пісіреді
Биші тігеді
Аспаз емдейді
Жүргізуші аударады
Аудармашы сатады
Суретші көлік жүргізеді
Тігінші билейді
Сатушы үй салады
В. Make derivative nouns using the following suffixes: - шы,- ші
Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мүсін, жылқы, сәулет, аң, қобыз, тіл, ел, есеп, орман
С. SWOT analysis: Identify strengths, weaknesses, opportunities, and threats of following specialties.
Күзетші, шаштаразшы, ұшқыш, қорғаушы, альпинист, кинолог, агроном, кітапханашы, есепші, наубайшы.