Reading
Жаңа өнертабыс туындылары


Learn the target words for this unit.
Мерзімді ашығу
Кепіл
Periodic starvation/Intermittent fasting
guarantee
Қалыпты құбылыс
A normal phenomenon
Ағза
Body
Ішкі қор
Internal resources
Зиянды заттар
Harmful substances
Ішек
Intestine
Бүйрек
Kidney
Өкпе
Lungs
Тері
Skin
Әлеует
Potential
Еске оралу
To recall
Улы заттар
Poisonous substances
Артық майдан арылу
To get rid of excess fat
Жасуша
Cell
Пайдалы өзгерістер
Useful changes
Салмақ жоғалту
To lose weight
Қауіп
Danger
Кең таралған
Widespread
Есте сақтау қабілеті
Ability to remember
Бұлшықет
Muscle
Қалпына келтіру
To recover
Қалдықтар
Wastes
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.


I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.

I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.

I use the word with confidence, both in speaking and writing.
Мәтінді алдын ала қарау мәтіннің не туралы болатындығын болжауға көмектеседі. Бұл ақпаратты қабылдауға және оны есте сақтауға көмектеседі.
Мәтінді оқымас бұрын оны алдын ала оқып шығыңыз:
• Тақырыптарды немесе тақырыпшаларды оқыңыз.
• Суреттерге қарап, жазуларды оқыңыз.
• Жиі айтылған атаулар мен мәліметтерді қарап шығыңыз.
Бұл мәтіннің тақырыбын болжауға және мәтін туралы көбірек ақпарат алуға​​ мүмкіндік береді.


A. Skim reading. Look for and note these things.
1. Жиі аты аталған адам аттары: __________________________________
2. Терминдер: _______________
3. Сандар: ______________________
4. Таңбалар: _________________________________

B. Make some predictions about Reading. After you’ve read the text, come back to check your predictions.
1. Ашығудың адамға қандай пайдасы бар?
2. Ашығумен қандай ауруларды емдейді?
3. Ашығу кезінде салмақ жоғалтуға бола ма?
4. Адам ағзасында зиянды заттарды жоюға жауапты органдар?

READ


«Аштық пен суық ауа – ұзақ өмір сүрудің кепілі» дейді жапондық ғалым Нагумо. Ашығу – генімізде сақталып қалған қалыпты құбылыс. Сіз біраз уақыт тамақ ішпеген кезде ағзаңызда біршама өзгерістер жүреді.
Адам сырттан тамақ қабылдамаған кезде, дене өзінің ішкі қорларын пайдалана бастайды. Яғни, ішкі (эндогендік) тамақтану жалғасады. Адам ағзасында зиянды заттарды жоюға жауапты төрт орган бар: ішек, бүйрек, өкпе және тері. Бұл органдар жақсы жұмыс істеуі үшін дененің жоғары әлеуеті, яғни энергетикалық мүмкіндіктері болуы керек. Осындайда Бенджаминнің «Аз тамақтаныңыз – ұзақ өмір сүріңіз» деген сөзі еске оралады. Ауру – сіздің ағзаңыздың улы заттарға толы екенін көрсетеді. Ал, ашығу арқылы сіз ағзаңызда жиналған уларды жоясыз. Сонымен, ашыққан кезде ағзада қандай өзгерістер жүреді?
1. Инсулин деңгейі өзгереді. Қандағы инсулин деңгейі айтарлықтай төмендейді, бұл дененің артық майдан арылуына әкеледі. Әрі, антиоксиданттық функцияны жақсартып, митохондрия санын көбейтеді және мидың жаңа жасушаларын өсіреді.
2. Ген экспрессиясы. Ұзақ өмір сүруге және аурудан қорғауға қатысатын бірнеше ген мен молекулада пайдалы өзгерістер жүреді. Негізінен, ашығудың пайдасы – гормондардың, жасуша функциясының және ген экспрессиясының өзгеруіне байланысты екенін түсінуіміз қажет.
3. Салмақ пен висцеральды майды жоғалтуға көмектеседі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, ашығу кезінде 2-10 апта ішінде 15-42% салмақ жоғалтуға болады.
4. Қант диабеті қаупін азайтады. Соңғы онжылдықта «II типті қант диабеті» өте кең таралған диагнозға айналды. Инсулинге төзімділікті төмендететін кез-келген нәрсе қандағы қантты төмендетуге және II типті қант диабетінен қорғауға көмектеседі. Ашығуға арналған зерттеулерге қатысқан адамдардың 2-10 апта ішінде қандағы қанты 3-6%-ға төмендеген.
5. Мидың жұмысын жақсартады. Ашыққан кезде мидағы метаболикалық функциялары мен адамның есте сақтау қабілеті жақсарады. Көптеген жыл бұрын болған оқиғаларды, мекендерді, сөздерді, жағдайларды еске түсіре бастайды.
6. Қандағы адамның өсу гормонының деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Бұл гормонның жоғары деңгейі майдың жағылуына және бұлшықет массасының жоғарылауына ықпал етеді. Жасушаларды қалпына келтірудің маңызды процестері жүріп, жасушалардан қалдықтарды шығарады.
https://bilimland.kz/




DISCUSSION TOPICS

1. «Аз тамақтаныңыз – ұзақ өмір сүріңіз» деген пікірмен келісесіз бе? Неліктен?
2. Оразаның медициналық пайдасы қандай?
3. Ұзақ мерзімді ашығу және қысқа мерзімді ашығу. Қанша күн ашығуға болады?
4. Қандай тағамдар денсаулыққа зиянды?
5. Ұзақ өмір сүру үшін не істеу керек?
6. Дұрыс тамақтану. Нутрициология ғылымы.
7. Баланың дені сау болуы үшін қалай тамақтандыру керек?


МЕРЗІМДІ АШЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ
READING COMPREHENSION
Mark each sentence as T (true) or F (false) according to the information in Reading.
Start the test
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы – таза ауада серуендеу.
Next
Check
Show results
Мерзімді ашығу – белгілі бір мерзім аралығында тамақ ішпеу.
Next
Check
Show results
Ішкі тамақтану – адам тамақ қабылдамаған кезде болатын процесс.
Next
Check
Show results
Ішек, бүйрек, өкпе және тері асқорыту мүшелеріне жатады.
Next
Check
Show results
Ашығу арқылы адам ағзада жиналған уларды кетіреді.
Next
Check
Show results
Ашығу – қант диабеті ауруының алдын алады.
Next
Check
Show results
Ашығу артық майлардан арылуға көмектеспейді.
Next
Check
Show results
Ашығу көп ауруға ем болады.
Next
Check
Show results
Ашыққан адам ұмытшақ болып келеді.
Next
Check
Show results
Ағзадағы қажетсіз қалдықтарды шығару мүмкін емес.
Next
Check
Show results
10/10
Restart
Made on
Tilda