Reading
Байқоңыр – ғарыш айлағы

Learn the target words for this unit.
әскери нысан
military base
зымыран
rocket
сынақ алаңы
testing ground
ауыз су
drinking water
темір жол
railway
елдімекен
settlement
тыңшы
spy
ғарыш кеме
spaceship
айлақ
spaceport
шекара
border
қазаншұңқыр
pit
ұстахана
forge / workshop
жәдігер
heritage
сараптама
expertise
апат

accident
қозғалтқыш
engine
сұйық отын
fuel
бейресми дерек
unofficial data
қуатты
powerful
бекет
station
азот зауыты
nitrogen plant
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.

I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.

BEFORE YOU READ.

Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Айға қонған қандай астронавтарды білесіз?
2. Белка мен Стрелка атты иттердің ғарышқа қандай қатысы бар?
3. Халықаралық ғарышкерлер күні мерекесі қашан тойланады?
4. Неліктен ғарышкерлер скафандр киеді?
5. Ғарышкерлер ұзақ сапарда жүргенде қандай қиындықтар болуы мүмкін?

Оқуды түсіну стратегиясы: бірнеше нұсқадан таңдау тесттерін тапсыру

Бірнеше нұсқадан таңдау тесттерін сәтті тапсырудың төмендегі қадамдары бар.
· Тест алдында сұрақ форматының нақты қандай екенін біліңіз, мысалы: бірнеше жауаптар дұрыс, шын-жалған сұрақтар, қанша сұрақ бар, қанша уақытыңыз бар т.б.
· Тест сұрақтарын бір рет қарап, өзіңіз 100%-ға жауабын білетін сұрақтарды белгілеңіз.
· Тест сұрақтарын қайта оқып шығыңыз және басқа сұрақтардан не аңғаруға болады немесе қате жауаптарды белгілеңіз.
· Барлық сұрақтарды үшінші рет қарап шығыңыз және (көп жағдайда) білмегеніңізді болжаңыз.

READ
А. Number each paragraph with the correct main idea or purpose.
1. Көне мекен
2. Байқоңырда көп адам өлген, бірақ оны ешкім білмейді
3. Байқоңыр – әлемде жалғыз
4. Алғашқы айлақ неге Қазақстанда салынды?
5. Жасырын айлақ
6. Құрылысшылар стадион сап жатырмыз деп ойлаған


Байқоңыр – әлемде жалғыз: тарихы, құпиясы және Юрий Гагарин


Байқоңырды шынымен адамзаттың тал бесігі, ғарышқа қол жалғар көпірі десек болады. Өйткені бұл ғажайып мекен – адамды алғаш ғарышпен табыстырған айлақ. Қазақ Байқоңырды жердің кіндігі деп бекер айтпаса керек. Байқоңыр мен ғарыш әлемі арасында байланыс, ғарышқа тез көтерілер "қара түнек" сынды жол бар.

1.____________________
1955 жылы Кеңес үкіметі әскери полигон салу туралы қаулы шығарады. Мұндай полигон құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу үшін керек болды.
Арнайы комиссия құрылып, алып құрылысты салатын алаңды іздеп, ұзақ ойланды. Негізінен төрт жер таңдап алынды: Дағыстан, Астрахань облысы, Марий Эл аймағы және Қызылорда облысы.
Елдімекенді таңдауда ең алдымен ауыз су мен темір жолдың бар-жоғы назарға алынды. Бұл жағынан Қызылорда артық боп шықты. Әсіресе, жерінің кеңдігі үлкен рөл ойнады: Байқоңыр жанында бос жатқан жер көп. Маңайында мүлде елдімекен жоқ.
Содан 1955 жылы 2 маусымда КСРО Қарулы күштерінің Бас штабы Байқоңырды ресми түрде әскери полигон деп мойындап, 11 284 әскери бөлімін орналастыру туралы қаулы шығарады.
2.____________________
Полигон салмас бұрын кеңес әскері Қарағанды облысының Байқоңыр атты елдімекені маңынан арнайы қалашық салады. Қалашықты ағаштан салған. Өйткені маңызды әскери нысанды жат көзден, әсіресе, шетел тыңшыларынан жасырын ұстау керек еді. Сондықтан Байқоңырды алғаш әскери полигон деп те емес, «өтірік полигон» деп атаған. 1961 жылға дейін Байқоңырдың бар екенін ешкім білмеді.
Тек «Восток-1» ғарыш кемесі мен 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан кезде ғана ел Байқоңыр атты айлақ барын білді. Содан бастап ресми түрде айлақ аты Байқоңыр деген атауға көшті.
3.____________________
Кеңес үкіметінің Байқоңырды барынша жасырын ұстаған. Тіпті, алып құрылыс салып, конструкцияны құрап жатқан құрылысшылардың өзі бұл жерде үлкен стадион салып жатырмыз деп, ал әскери офицерлер шекараны қорғау үшін әскери база салып жатырмыз ойлаған екен.
4.____________________
Құрылысшылар жерде қазаншұңқыр қазып жатып, көне елдімекеннің орнын тауып алады. Бұл маңда ұстахана, қандай да бір өндіріс алаңы болғанға ұқсайды. Өйткені тапқан жәдігерлердің көбі отқа, алауға байланысты үлкен ошақ болғанға ұқсайды. Сараптама мұның осыдан 10-30 мың жыл бұрын жасалғанын дәлелдеді.
5.____________________
Байқоңырда ең үлкен апат 1960 жылы болған. Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырмақ болған сәтте қозғалтқышының біреуі қосылып кетіп, сұйық отын құйылған багы жарылып, бүкіл аумаққа шашылады.
Содан сынақ алаңында өрт болып, 74 адам жанып кетеді. Ал бейресми дерекке сүйенсек, 92 не 126 адам көз жұмған. Оны ешкім де білген емес. Бұл оқиға 1989 жылы ғана беті ашылды.
6.____________________
Байқоңыр – өте құнды мекен, қымбат айлақ. Жер бетінде бірде-бір мұндай нысан жоқ. Адамзат осы уақыттың ішінде осыншалықты қуатты бір де бір құрылыс сала алмады.
Ресейде Плесецк мен «Восточный» сынды ұшыру алаңдары болғанымен, Байқоңырдың қуатына жарты ғасыр уақыт берсе де жете алмайды.
Байқоңыр Мәскеуден екі жарым есе, Астанадан тоғыз есе үлкен. Айлақтың аумағы – 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдың аумағында 12 ұшыру қондырғысы, 11 монтажды корпус, 39 техникалық кешен, екі сұйық отын құю бекеті, азот зауыты, 600 трансформаторлық қосалқы станция, екі аэродром орналасқан. 1000 шақырымға созылып жатқан автокөлік жолы бар.
/https://massaget.kz






VOCABULARY ACTIVITIES

A. Read the names of the shapes in Kazakh and add at least 5 words to the following list.

1. Үшбұрыш пішіндес заттар: үйдің шатыры, ...
2. Шаршы пішіндес заттар: терезе, ....
3. Тіктөртбұрыш пішіндес заттар: кітап, ....
4. Шеңбер пішіндес заттар:күн, ....
5. Сопақша пішіндес заттар:доп, ....

B. Match the words а-ғ to pictures 1-8.
a көлем; ә ені; б ұзындық; в бұрыш; г диаметр; ғ биіктік


DISCUSSION TOPICS.
Consult an explanatory dictionary and define the following phrases describing dimensions in the Kazakh language.
1. Бір жұтым қымыз.
2. Бір тілім / үзім нан.
3. Бір құшақ гүл.
4. Бір қайнатым шай.
5. Бір қора жан.
6. Бойы бір қарыс.
7. Екі елі қазы.
8. Бір қадам жер.
9. Үш күндік дүние.
10. Құлаш созым жер
READING COMPREHENSION
Do the multiple choice test below according to the information in Reading.
Start the test
Ғарышқа ұшу аймағы ретінде не себепті Байқоңыр таңдалды?
Next
Check
Show results
Юрий Гагарин қай жылы тұңғыш рет ғарышқа қадам басты?
Next
Check
Show results
«Байқоңыр» ғарыш алаңы қай жерде орналасқан?
Next
Check
Show results
1955 жылы ...
Next
Check
Show results
Байқоңыр ғарыш айлағының аумағы:
Next
Check
Show results
Алып құрылысты салу барысында құрылысшылар жер астынан нені табады?
Next
Check
Show results
Байқоңырда ең үлкен апат ненің салдарынан орын алды?
Next
Check
Show results
Алғашқы кезде Байқоңыр
Next
Check
Show results
8/8
Restart
Made on
Tilda