Learn the target words for this unit.
stocking away meat for winter
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart
I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ. Read these questions. Discuss your answers in a small group. 1. Отбасыңызбен Жаңа Жыл мейрамын қалай тойлайсыз? 2. Жаңа Жылда алған ерекше сыйлығыңыз қандай? Оны кім сыйлады? 3. Жаңа жылда қандай сыйлық сыйлауға болады? 4. Алдағы Жаңа жылды қалай қарсы алғыңыз келеді? 5. Жаңа Жылдық дастарханға қанша қаражат жұмсайсыз? Оқуды түсіну стратегиясы: Мәтіннің негізгі идеясын анықтау, қосымша ақпарат
Мәтіннің негізгі идеясын анықтау стратегиясы, ол бір немесе бірнеше абзацтан тұратын мәтін болса да, негізгі идеяны түсінуде нақты дәлелдерді анықтауға көмектеседі. Мәтіннің негізгі идеясы – бұл мәтін не туралы екені және оны әдетте 1-2 сөйлеммен қорытындылауға болады.
Мәтін неғұрлым ұзақ болса, негізгі ойды анықтау қиынырақ болады. Мәтіннің негізгі идеясын анықтаудың негізгі стратегияларына мыналар жатады:
· Мәтіннің тақырыбына, сонымен қатар кез келген суреттерге немесе тақырыпшаларға назар аударыңыз.
· Үзіндінің бірінші және соңғы сөйлемін оқыңыз.
· Мәтінде қайталанып келетін кез келген сөздерді немесе сөз тіркестерін ескеріңіз.
· Мәтінді мүмкіндігінше бір сөйлеммен қорытындылаңыз
· Өзіңізден сұраңыз – Бұл мәтін негізінен не туралы?
READ
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы – көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн бойы тойланып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.
Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, апаларымыз қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға салады. Соғымға сойылған малдың басы немесе шекесі қосылып, қазы-қарта, жал-жая қазанға түседі. Ет сорпасына көже қайнатады. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс. Түркі халқының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық – аса киелі сандар. Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол – тоқшылық пен ырыс-құттың жоралғысы.
Сондай-ақ бұл күні ренжіскендер татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, алдын ала үйін, ауласын кір-қоқыстан тазартады.
Наурызды «жыл басы» деп танығанымен, оның барша болмысын, философиясын жыл алмасумен шектемейді. Осы күндері дүниеге келген сәбилерге Наурызбай, Наурызгүл сынды есімдер беріледі. Жер иесі – Қыдыр ата елді, үйді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген сенім-наным және бар.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады.
https://www.inform.kz/
READING COMPREHENSION
A. Read these excerpts from the Reading. Put a check ˅ next to those that are main ideas.
___ 1. Наурыз мейрамы – көктем мейрамы.
___ 2. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.
___ 3. Соңғы рет Наурыз мейрамы 1926 жылы тойланды.
___ 4. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.
___ 5. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық.
___ 6. Наурыз көжеге тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосады
___ 7. Түркі халқының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық – аса киелі сандар.
___ 8. Осы күндері дүниеге келген сәбилерге Наурызбай, Наурызгүл сынды есімдер беріледі.
___ 9. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады.
___ 10. Наурыз мейрамын арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды.
B. Reading has five paragraphs. What is the writer’s main purpose in each? Write some notes about the focus of each paragraph.
Paragraph 1: ___________________.
Paragraph 2: __________________.
Paragraph 3: ___________________.
Paragraph 4 ___________________.
Paragraph 5 ___________________.
C. Summarize the main idea of the entire article in your own words:
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
_________________________________
VOCABULARY ACTIVITIES
A. Categorize the words into separate topics. Give the title for each category.
қазы-қарта, тары, қыз қуу, арпа, бұршақ, күріш, сүрленген ет, ат бәйгесі, шеке, көкпар тарту, бидай, палуандар күресі, жал-жая.
B. Match the words with their synonyms in the box.
мереке
шешім
қасиетті
егу
тойлау
көрісу
татуласу
қарсы алу
отырғызу
қарар
киелі
мейрам
C. Arrange the following steps in correct order.
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз.
Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап тураймыз.
Құртты суға ерітіп, майдалап көжеге қосамыз.
Етті айранмен сорпаға қосып араластырамыз.
Етті жуып, қазанға саламыз.
Су қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз.
2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп аламыз.
Дәндерді жақсылап жуып, қазанға салып қайнатамыз.
Дақылдар піскен соң оттан алып, салқын жерге қоямыз.
D. Fill in the blank with the most appropriate word.
Жыл өткен сайын бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңыздылығы артып келеді. Бұл күні жақсылық жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға алғыс айтып, _______, туған-туыс, дос-жаран, әріптес, көршіні қамқор болуға шақыру әдетке айналған.
Көптеген қазақстандықтар бұл күнді отбасымен бірге өткізіп, мерекелік ________ әзірлеп, жақындарына _______ беріп, жағымды тосынсыйлар жасайды. Мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Алғыс айту күнін белгілеу 2015 жылы Қазақстан _______ Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынылды. Содан бері бұл _______ жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады.
https://egemen.kz/
1 Наурыз – алғыс айту күні
D. Form adjectives from the given nouns. The table below can help you.
Жұрнақтар
1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;
2. -сыз, -сіз:
3. -ғы, -гі, -қы, -кі:
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:
5. -шыл, -шіл:
6. -шаң, -шең:
7. -дай, -дей, -тай, -тей:
8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз:
9. -и
Мысалдар
1. тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті
2. үй-сіз, жер-сіз
3. жаз-ғы, іш-кі
4. азамат-тық, жыл-дық, күн-дік
5. жер-шіл, үйқы-шыл
6. бой-шаң, сөз-шең,
7. үй-дей, қой-дай
8. табыс-кер, сән-қой
9. тарих-и, дін-и, әдеб-и
1. дін _________________
2. шуақ ________________
3. халық _______________
4. мереке _______________
5. жалын _______________
6. ұлт __________________
7. жақсы ________________
8. қасиет _________________
9. қазақстан _______________
10. қайырым _______________
DISCUSSION TOPICS
1. Жаңа жыл мерекесін бүкіл халық болып тойлаймыз. Бұл мерекеде сіз жылда әке-шешеңізді құттықтауға барасыз. Анаңыз үлкен дастархан жаяды. Дастарханға түрлі тағам түрлерін қояды. Анаңыздың дастарханын сипаттап беріңіз.
Қажетті сөздер: мол дастархан, дәмді, ұлттық тағамдар, сусындар, ерекше, пайдалы, ұнайды.
2. Ертең сіздің ең жақын досыңыздың мерейтойы. Сізді отбасыңызбен мейрамханаға шақырып отыр. Досыңызға ерекше, есте қаларлықтай құттықтау сөзін дайындаңыз.
Қажетті репликалар: аса қадiрлi, зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір, қуаныш, мол дастархан, береке-бірлік, құтты болсын.