Reading and speaking
Қазақ театрлары

Learn the target words for this unit.
ғимарат

сахна
бағыт
өнер ошағы

жасөспірім
Қуыршақ театры
дарынды

ынталандыру
әдістеме
зерделеу
пікір алмасу
мүгедек
оңалту
мүмкіндігі шектеулі жандар
қоғамға бейімдеу

ым-ишарат

шымылдық ашу
ұжым
көрнекті
мәртебе
сәулет өнері
жөндеу жұмыстары
шаршы метр
көрме

building
scene
direction/trend
center of art
teenager
puppet show
talented
to motivate
methodology
to study
exchange of views
disabled
to rehab
people with disabilities
to adapt to society
gestures
to open
team

outstanding

status
architecture
repair work
square meter
exhibition
Self-assessment of target words
Read the target words for this unit. Think carefully about how well you know each word. Then, write each word in the appropriate column in this chart.

I have never seen the word before.
I have seen the word but I am not sure what it means.
I understand the word when I see or hear it in a sentence.
I have tried to use the word, but I am not sure I am using it correctly.
I use the word with confidence in either speaking or writing.
I use the word with confidence, both in speaking and writing.
BEFORE YOU READ.

Read these questions. Discuss your answers in a small group.
1. Театр дегеніміз не? Театрдың қандай түрлері бар?
2. Сіз жақта қандай театрлар бар? Театрға барасыз ба? Қандай қойылымдар ұнайды? Қандай актерді жақсы көресіз?
3. Шекспирдің «Бүкіл әлем – театр, ал ондағы адамдар – актер» деген сөзімен келісесіз бе?

Preview the reading. Move your eyes quickly over the Reading. Look at the reading for only 1-2 minutes. Then complete the Previewing Chart below.



1. Мәтіннің тақырыбы: __________________________________
2. Адам және жер аттары:
____________________
____________________
____________________
____________________
3. Кілт сөздер.
____________________
____________________
____________________
____________________

4. Менің ойымша, мәтін ___________________туралы болуы мүмкін.


Тәуелсіздік алғалы осы уақытқа дейін елімізде жаңа 20 театр ашылса, Орал, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Талдықорған қаласында 8 театрға жаңа ғимарат салынды. Жыл сайын театр сахналарында әр түрлі жанр мен бағытта 12 мыңға жуық спектакль қойылады.
Статистикалық мәлімет бойынша қазір Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді. Оның 52-сі мемлекеттік (бұл қатарда 4 ұлттық театр: ұйғыр, корей, неміс және өзбек театры бар).
Мемлекеттік 52 өнер ошағының 3-еуі опера және балет театры, 5-еуі балалар мен жасөспірімдер театры, 7-еуі қуыршақ театры, 24-і драма театр (оның ішінде 3-еуінде қазақ және орыс труппасы бар), 11-і музыка-драма және комедия театры, біреуі жастар және біреуі сатира театры.
Қазақ театр өнерін дамыту, дәстүрлі негізде дарынды артистер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру мақсатында 1992 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі өткізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – театр саласында жаңа әдістемелерді зерделеу, театр өнеріндегі мәселелерді талқылау, тәжірибе және пікір алмасу.
Шығармашылық арқылы мүгедектерді оңалту және қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттілігіне аудару, қоғамға бейімдеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылы Елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде WideWorld – «Ұлы Дүние» І Халықаралық ерекше театрлар фестивалін өткізді. Бұл фестивальге Ресей, Украина мен Қазақстанның мимика және ым-ишарат театрлары қатысты.
Кейінгі жылдары елімізде опера және балет өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Мәселен, жыл сайын «Опералия» халықаралық фестивалі өткізіледі. Қазір Қазақстанда 3 опера және бір балет театры жұмыс істейді.






М. Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 1926ж. 13 қаңтарда Қызылорда қаласында театр шымылдығы ресми түрде М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды. 1929 ж. театр труппасы жаңа астана Алматыға қоныс аударды. 1934 ж. театрдан музыкалық студия бөлініп шығып, кейін Қазақ академиялық опера-балет театры және «Қазақконцерт» ұжымдарына айналды. 1961 ж. театрға көрнекті жазушы-драматург М. Әуезовтің есімі берілді.








1933 жылы 29 қыркүйекте Алматыда елу актерден, симфониялық оркестрдің жиырма музыкантынан және ұлттық оркестрдің он екі адамынан құрылған музыкалық студия ашылды. «Қазақтың музыкалық опера және балет театры» ашылу құрметіне 1934 жылы 13 қаңтарда көпшілік алдында бірінші рет М.О. Әуезовтың «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясы орындалды. 1941 жылы театр академиялық мәртебесін алып, 1945 жылы Абай есімі берілді. 1995 жылдың маусымынан 2000 жылдың 13 желтоқсанына дейін Театр ғимаратында итальяндық классицизмі мен Қазақстанның сәулет өнеріндегі ұлттық үлгісінің дәстүрлі элементтерімен үйлестірілген негізгі архитектуралық стиль – ампирды сақтай отырып үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді.







«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Орталық Азиядағы ең ірі театр «Астана Опера» әдемдік сәулеттің ең үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған.








Almaty Theatre

Театр әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Мультифункционал мәдени орталықтың жалпы ауданы – 14 000 шаршы метр. Ғимарат төрт қабаттан тұрады. Театрда қала тұрғындары мен қонақтары үшін интерьері ерекше мейрамханалар мен кофеханалар бар. Almaty theatre-дың бірінші қабатында мәдениет, өнер туралы дәрістер мен семинарлар өтеді. Театрдың екінші қабаты – түрлі көрме мен арт-перфоманс жасауға ең лайық жер. Almaty theatre-да хореография мектебі де бар. Мұнда балеттің болашақ артистері ғана емес, билеп көргісі келетіндердің бәрі келе алады. 700 орындық көрермен залы және үлкен сахнасы бар театр тек опера мен балетке арналмаған. Мұнда өнердің кез келген түрінен шара өте береді.
https://almatytheatre.kz/

65
11
2018
1992
1934
14000
700
2013
1820
1929
VOCABULARY ACTIVITIES
A. Match each word with its synonym to the right.
жанр
бала
назар аудару
мүгедек
труппа
талқылау
халық
мерекелеу
көшу
көпшілік
қоныс аудару
тойлау
жасөспірім
пікір алмасу
бағыт
мүмкіндігі шектеулі жан
ұжым
көңіл бөлу
B. Give the plural forms of the following nouns.
ғимарат
қала
режиссер
мүгедек
жасөспірім
фестиваль























+лер
+тер
+дер
+тар
+дар
+лар

С. Tick ✔ the correct sentence.
1. Халықаралық театр күні жыл сайын тойлайды.
Халықаралық театр күні жыл сайын тойланады.
2. Қазіргі кезде Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда 65 театр жұмыс істеді.
3. 1929 ж. театр труппасы Алматыға қоныс аударып жатыр.
1929 ж. театр труппасы Алматыға қоныс аударды.
5. Ғимарат төрт қабаттан тұрады.
Ғимарат төрт қабаттпен тұрады.
6. Театрды Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклімен ашылды.
Театр Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклімен ашылды.
7. Театр әл-Фараби даңғылдарында орналасқан.
Театр әл-Фараби даңғылында орналасқан.




Using the following Droodles (picture puzzles) share your ideas about what the pictures may mean.




Қазақстан театрлары: кешеcі мен бүгіні

A. Say the numbers 1-10 round the class.
Read
DISCUSSION TOPICS
1. Ежелгі Греция театры туралы не білесіз?
2. Алматыдағы қандай театрларға барып көрдіңіз? Қайсыларына барып көргіңіз келеді?
3. Ең бірінші рет қашан театрға барғаныңыз есіңізде ме?
4. Театрлар болашақта жоқ болып кетеді деген оймен келісесіз бе?
5. Әлемдегі қандай театрларға барып көргіңіз келеді?


READING COMPREHENSION

B.Mark each sentence as T (true) or F (false) according to the information in Reading.
Start the test
Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің театрлары бар.
Next
Check
Show results
Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі екі жылда бір рет өткізіледі.
Next
Check
Show results
Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінің мақсаты – дарынды артистер мен режиссерлерді анықтау.
Next
Check
Show results
«Опералия» халықаралық фестивалі елімізде опера және балет өнерін дамытуға ықпал етеді.
Next
Check
Show results
М. Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Алматы қаласында орналасқан.
Next
Check
Show results
М. Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының алғашқы қойылымы – «Айман – Шолпан».
Next
Check
Show results
М. Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Қазақстандағы ең алғашқы театр.
Next
Check
Show results
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына Абай есімі 1941 жылы берілді.
Next
Check
Show results
«Біржан – Сара» спектаклінің авторы – Мұқан Төлебаев.
Next
Check
Show results
Almaty theatre Алматы қаласында орналасқан шағын театр.
Next
Check
Show results
10/10
Restart
Made on
Tilda