Сағат неше болды?=What time is it now?
6:00 - Сағат алты болды.=It is 6 o’clock
6:30- Сағат алты жарым болды.=It is half past 6.
6:45-Алтыға 15 минут қалды.
6:15-Алтыдан 15 минут кетті/өтті.
жарты=half
қалды=to
өтті/кетті=past
We use a 24 hour system for times. But it is mostly in written form.
For example,
Written:
Ертең жиналыс сағат 14:00-де болады.
Read:
Ертең жиналыс сағат 2-де болады.
We understand from context that this is 2 pm, because meeting time cannot be at 2 am.
But if we need to clarify we add the words таңғы (morning), кешкі (evening), түнгі (night), түскі (afternoon/daytime).
For example,
Жұма күні кешкі сағат 8-де (20:00) киноға барамыз.=We are going to the cinema at 8 pm next Friday.
Сенбі сағат түнгі 3-те жетеміз.=We arrive on Saturday at 3 am.
шамамен=about, approximately
Шамамен түскі бірлерлерде осында жиналық.=Let’s meet here at about 1 pm.
Exercise 1. Read the following dialogues in pair.
1)
-Кешіріңіз, сағат қанша болды? Айтып жібересіз бе?
-Иә, қазір. Сағат бестен 20 минут кетті.
-Рахмет
2)
-Емтиханның бітуіне қанша минут қалды?
-Қазір сағат 4.45 (16.45) болды. Яғни емтиханды аяқтауға 15 минут қалды. 15 минуттан соң жұмыстарыңды жинап аламын.
-Жақсы, рахмет
3)
-Мен жолға шықтым.
-Жақсы, жолда абайлап айда. Алматыға қаншада жетесің.
-Шамамен 6-ларда жетіп қалармын.
-Таңғы 6-да ма, кешкі 6-да ма?
-Кешкі 6-да.
-Ұзақ жүреді екенісің ғой. Жақсы, жеткенде бізге хабарын бер. Күтіп аламыз, бұйыртса.
-Жақсы, хабарын айтам. Барған соң сөйлесеміз.
-Жақсы, жолың болсын.