айын/ейін/иін/йын + деп еді + жіктік жалғауы (personal ending) construction is used when someone wants to ask something politely and when someone needs permission or support to do something. It is similar to would like to construction in English.
For example:
Cізден бір нәрсе сұрайын деп едім.= I would like to ask something.
Марат сізге бір нәрсе айтайын деп еді. = Marat would like to say something to you.
Ертеңге сізден сұранайын деп едік.=We would like to ask for a day off for tomorrow.
Ол сыртқа шығып қайтайын деп еді.=He would like to go out. If that is ok.
Біз күй тыңдайын деп едік.=We would like to listen to kui (melody in dombyra). If you do not mind.
Note! Cannot be used with cіз/сіздер/сендер/сен
Exercise 1. Put the sentences in the right order
-Жақсы, бірақ қажет болып жатсаң, ертең телефоныңа хабарласып кей нәрселерді сұрап қалуым мүмкін. Байланыста боласың ғой.
-А, жақсы. Ағаң үйленіп жатыр екен ғой. Құтты болсын! Бүгінгі тапсырмаларды бітіріп қойдың ба?
-Жарайды, жақсы тойлап қайтыңыз.
-Кіруге бола ма?
-Иә, болады, кіре беріңіз. Жанар, қалайсың? Кіре ғой. Бәрі дұрыс па?
-Иә, қазір кішкене қалды. Қалғанын бітіріп кетуге тырысамын.
-Иә, рахмет. Бәрі дұрыс. Ағай, сізден бір нәрсе сұрайын деп едім.
-Ертең ағамның тойы еді. Соған сізден сұранайын деп едім. Ертең тойға дайындалуымыз керек болып тұр.
-Иә, телефоным қосулы болады.
-Иә, сұрай бер.